Аймақтар • 27 Шілде, 2019

«Birge.TazaQazaqstan» акциясына 3 000 талдықорғандық қатысты

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Birge.TazaQazaqstan» республикалық акциясына Жетісу жұрты да үлес қосты. Шара аясында бүгін облыстың барлық қала, аудандарында жалпыхалықтық сенбілік өтті.

«Birge.TazaQazaqstan» акциясына 3 000 талдықорғандық қатысты

Облыс орталығы Талдықорған қаласында өткен тазалық шарасына 3 мыңға жуық адам қатысты. Жиналған қоқысты тасып шығаруға қала бойынша 13 арнайы техника жұмылды. Осылайша «Birge.TazaQazaqstan» республикалық акциясына қатысушылар Талдықорған қаласының аумағында орналасқан Қаратал, Балықты өзендерінің жағалауын, Орталық бассейн, Жеңіс, Ардагерлер саябақтарын және қала көшелерін қоқыстан тазартып, жалпы аумағы 220 гектар жерде жинау жұмыстарын жүргізді.

- Алғаш рет «Birge.TazaQazaqstan» республикалық акциясы еліміздің экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің бастамасымен өткені белгілі. Қазір бұл акция ел көлемінде ұйымдастырылып отыр. Осы орайда Талдықорған қаласының жұртшылығы да белсенділік танытуда. Сенбілікке келіп, қолдау көрсету арқылы біз тазалыққа ерекше көңіл бөлуді өскелең ұрпаққа үлгі көрсетеміз. Сондықтан да бұл шара алдағы уақытта жалғасын табады,- дейді Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов.

Алматы облысы